Қауымда Дұрыс Билік
Қолдану
Құдайға ұнамды жетекшілікке шақыру.
Кіріспе
Осы сөзбен бөлісетіндіктен, менің жүрегім Иса Мәсіхтің қауымындағы жетекшілерге деген сүйіспеншілікке толы. Мен бұл жерге біреуге үкім шығару үшін келгенім жоқ. Егер де солай істеген болсам, онда мен өзіме де үкім шығарған болар едім, себебі мен де Құдайға ұнамды жетекшілік етуде кемелді емеспін. Киелі Рух менің жүрегіме Құдайға ұнамды жетекші болуға байланысты сөйлейтіндіктен, мен күнәма өкініп, кешірім сұрауды жалғастыра беремін. Құдай осы сөзді менің жүрегіме салғандықтан, Ол сондай-ақ, осы сөздің басқа да жетекшілерге жеткенін қалайтындығын маған көрсетті. Біз қаншалықты Құдайға ұнамды жетекшілік жайында Құдайдың үйретуіне сәйкес жүретін болсақ, соншалықты қызметіміз да жарылқанады. Мен күнәма өкініп, кешірім сұрағанды ұнатамын себебі осы арқылы бостандық және Құдайдың рақымының молшылығы келеді. Құдай Өзінің жетекшілері мен отарын сүйеді және олардың Оның толық рақымының астында жүргенін қалайды.
Киелі жазбаны оқитындықтан, осы әлемнің ойы және жолдары Құдайдың ойы мен жолдарынан өзгеше екенін жиі көреміз. Егер де қауым үнемі өзін осы әлемнің ойынан тазартып тұрмаса, онда осы әлемнің ойы бірте-бірте немесе кей кездері тез арада қауымға ұрланып кіреді. Біз үнемі ойымызды киелі кітаптың үйретуіне сәйкестендіруіміз қажет. Қауым Иса Мәсіхтің өмірін көрсетуі тиіс, бірақ біз қауымдардың көбісі осы әлемнің үйрету жүйесін көбірек қолданатынын жиі көреміз. Рухани жетекшіліктің қолданысына байланысты мен осы беталысты жиі байқаймын.
Қазір мен қадағалау/бақылау тәртібін қатаң ұстанған мемлекетен бөлініп шыққан әрі мәдени тұрғыдан жетекшілігі мықты бақылауға бағытталған елде тұрып жатырмын. Осы жағдай Исаның уақытында да шындыққа сәйкес болған сияқты. Ол Матай жазған Ізгі хабар 20:25-те былай деген: «Иса оларды шақырып алып, былай деді:
Билеушілері қол астындағы халықтарды билеп-төстеп, төрелері де соларға қатаң әмір жүргізеді, соны білесіңдер» Сіздің еліңізде жетекшілер өз биліктерін қалай қолданады? Сіз де дәл осы биліктің көзқарасы қауымдарда көрініс тапқанын, сіздің еліңіздегі биліктің көзқарасын көресіз бе?
Өзім тұратын елде ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген елдерді көргендіктен, менің жүрегім ауырады, жетекшіліктің осы жоғарғы авторитарлы түрі Қауымға ұрланып кіруде! Осыған байланысты Иса анық айтты. Матай 20:25-28 «Иса оларды шақырып алып, былай деді: - Билеушілері қол астындағы халықтарды билеп-төстеп, төрелері де соларға қатаң әмір жүргізеді, соны білесіңдер. Бірақ сендердің араларыңда ондай болмасын! Керісінше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін, қайсың ең бастыларың болғысы келсе, сол сендерге құл іспетті қызмет ете берсін! Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра Өзіме қызмет еткізуге емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды қиюға осы дүниеге келдім». Осы әлемде билеушілер бұйрық беруі әрі қол астындағыларға билігін қолдануы мүмкін бірақ Иса: «сендердің араларыңда ондай болмасын»- деді. Құдай патшалығындағы рухани билігі бар адамдар- қызмет етуге немесе өз билігінің астындағы адамдарға құл іспетті болуға шақырылғандар. Иса Өзі айтқанындай «Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра Өзіне қызмет еткізуге емес, Өзі қызмет етуге және көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін келді » Иса бізге үлгі болды. Осы сөзді бөлісіп отырғандықтан Киелі кітаптағы жазбаларды көбірек қолдануды жөн көрдім.
1
Исаға негізделген жетекшілік кішіпейілдікпен қызмет етеді.
Мен жас сенуші болған кезімде менің жүрегім Исаның үйреткендеріне өте қарама-қарсы болды. Жүрегімде өзімді көтермелеуді жалғастырып, жер бетіндегі керемет мәсіхшілердің бірімін деп ойладым. Бұл шындыққа сәйкес емес болатын. Мен мақтанышқа толы болғандықтан, бұл жағдай Құдайдың мені қолдану мүмкіндігіне шектеу қойды. Мен керемет уағыздаушы болғандықтан, менде Иса Мәсіх туралы естуге келіп жатқан адамдармен стадиондар лық толы деген аян болды. Өзімнің он мыңдаған адамдары бар өте үлкен қауымды жетелеп тұрғанымды көретінмін. Иса туралы естуге келген адамдарға лық толы стадиондарда немесе өте үлкен қауымдарда тұрған дұрыс емес ешнәрсе жоқ. Мәселе менің жүрегімде болды. Осы ойлар арқылы мен жүрегімде өзімді көтермеледім. Мен адамдардың алдында ұлылығымды асқақтатқым келді. Сондықтан Құдай мені Өзінің ұлылыққа байланысты ойын үйрету үшін Ол мені әжетханаларды тазалауға жіберді. Сонымен қатар, Ол маған ешқандай алғыстарсыз, яғни барлық адам аңғармайтын әр түрлі қызметтер атқаруымды міндеттеді. Мен Құдайдың 1Петір 5:5,6-да айтқанын үйреніп жүрдім. «Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! «Құдай тәкәппарларға қарсы тұрады, ал кішіпейілділерге рақымын шашады». Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде сендерді жоғарылатпақ».
Жақып пен Жоханның анасы екі ұлын Исаның алдына алып келіп, сұрады: «Патшалығыңызда осы екі ұлымның біреуіне оң, екіншісіне сол жағыңызда отыруды бұйырсаңыз екен» (Матай 20:21б). Ол өз ұлдарына ұлылық іздеп жүрді, бұл жағдай Исаның басқа шәкірттерінің наразылығын тудырды және Исаға шынайы ұлылықтың не екенін үйретуіне қозғау салды. Мен осы аяттармен алдында бөліскен болатынмын, бірақ тағы да бөлісемін. Өзінің шәкірттеріне Иса былай деді: «Билеушілері қол астындағы халықтарды билеп-төстеп, төрелері де соларға қатаң әмір жүргізеді, соны білесіңдер» (Матай 20:25). Бұл осы әлемнің билікке деген көзқарасы болды және Иса билікке деген осы көзқарасты Өзінің шәкірттерінің арасында да болғанын көре алды. Иса шынайы ұлылық жайында үйретуін жалғастырды: «Бірақ сендердің араларыңда ондай болмасын! Керісінше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін, қайсың ең бастыларың болғысы келсе, сол сендерге құл іспетті қызмет ете берсін! Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра Өзіме қызмет еткізуге емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды қиюға осы дүниеге келдім» (Матай 20:26-28). Өмір сүрген адамдар ішінде Иса ең ұлы болды, солай бола тұра Ол бізге қызмет ету үшін және біз үшін жанын қиюға келді. Ол Өзін ең төменгі деңгейге дейін төмендетіп, біз өмір сүруіміз үшін жанын құрбан етті.
Менің әлемдегі көптеген қауымдарға баруыма мүмкіндігім болды. Сол қауымдардың бірінде, рухани жағынан жарылқанған елде, мінбедегі Патшаның тағына ұқсас жетекшінің орындығын және оның жанында басқа бір адамның отыруына арналған қарапайым орындықты көрдім. Жүрегімдегі Құдайдың Рухы қайғырып, сол жердегі бағушылардың өздерін басқа адамдардан әлдеқайда жоғарылатуына қатысты мәселесін көрсете бастады. Сонымен қатар, соңынан мен сол елдің жетекшілерді жоғарылатуы-олардың билікке деген мәдени көзқарасы екенін білдім.
Иса айқыш ағашқа барып, жанын қияр алдында шынайы жетекшілікке байланысты Өз шәкірттеріне өте маңызды сабақ үйретіп әрі оны іс жүзінде көрсетті. Осыны істеу үшін Иса, «дастархан басынан тұрып, сырт киімін шешті де, алжапқышты беліне байлады. Бұдан кейін шылапшынға су құйып, шәкірттерінің аяқтарын жуып, беліне байлаған алжапқышпен құрғатып сүрте бастады». (Жохан 13:4,5). Адамдардың шәркей (сандалии) кигендіктен лас болған аяқтарын жуу отбасындағы ең төменгі адамның немесе қызметшінің жұмысы еді. Бұл жетекшінің немесе ұстаздың ешқашан жасамайтын іс-әрекеті. Бұл әлемнің жетекшілікке деген көзқарасы бойынша оларды төмендету болатын. Алайда, Исада рухани билікке деген Құдайлық көзқарас бар еді, Иса осыны Өзінің шәкірттеріне үйретіп әрі үлгі ретінде көрсеткісі келді. Бұл барлығынан да ең ұлы адам - барлығының қызметшісі болады дегенді білдіреді, және Құдайға ұнамды жетекшілер- өздері қызмет етіп жүрген адамдардың алдында кішіпейіл болулары қажет.
Иса Петірге келген кезінде, Петір Исаның аяғын жууына қарсылық білдірді себебі Петір ұлылық пен жетекшілік жайында осы әлемнің көзқарасы бойынша ойлайтын. Осы әлемнің көзқарасы бойынша жетекшіге және ұстазға ешқашан өз шәкіртінің аяғын жууға рұқсат берілмес еді. Бұндай жағдай болуы мүмкін емес. Алайда Иса осы әлемнің көзқарасын үйретіп, көрсетпеді, бірақ шынайы жетекшілік пен билікке деген Құдайдың көзқарасын үйретті әрі ісімен көрсетті. Бұл жай аяқ жуудан әлдеқайда үлкен нәрсе еді. Иса оларға қызмет ететін жетекшінінің жүрегін көрсетуге тырысты. Біздер жетекші ретінде өзіміз қызмет ететін адамдардың алдында кішіпейіл жүрекпен қызмет етуіміз қажет.
Өзінің шәкірттерінің аяғын жуып болғаннан кейін Ол: «- Сендерге не істегенімді түсінесіңдер ме? - Маған «Ұстаз», «Ием» дейсіңдер. Осылай атағандарың дұрыс, себебі Мен Солмын. Ал егер Мен Иелерің және Ұстаздарың бола тұра, аяқтарыңды жусам, сендер де бір-бірлеріңе сондай қызмет көрсетуге тиіссіңдер. Мен сендерге қалай қызмет етсем, сендер де солай етсін деп, үлгі көрсеттім»(Жохан 12б-15). Осы суретке қарайық, Иса ең ұлы Ұстаз әрі жалғыз Ие бола тұра, оларға үлгі болу үшін Өзін ең төменгі қызмет деңгейіне түсіріп, олар да бір-бірлеріне кішіпейіл болып, бір-бірлеріне қызмет ету керектігін көрсетті. Иса ешқандай күнә жасамаса да, біздер мәңгілік өмірге ие болуымыз үшін кісі өлтіруші іспетті айқыштағы өлімге барды, аз уақыттан соң болатын айқыштағы өлімі арқылы Иса одан сайын Өзін кішірейтуге дайындап жатты. Ол біздің аяғымызды Өз қанымен жуды. Өзін кішірейтудің әрі Өзі сол адамдардың Иесі бола тұра сол адамдарға қызмет етудің ең ұлы мысалы/үлгісі болды.
Філіп 2:3-11 –де біз осыны анық көре аламыз. «Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кіші пейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар! Әркім өз мүддесін ғана емес, басқалардікін де ойлай жүрсін. Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын: Құдайлық болмысы бола тұра, Ол онысына жармасқан жоқ, қайта, Өзінің құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Өз еркімен бас тартып, құлдың кейпін қабылдап, Адам секілді дүниеге келіп, кәдімгі адамға ұқсап көрінді. Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнып, өлімге, тіпті айқыштағы өлімгедейін бойсұнды. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтеріп, мәртебесін бәрінен де биіктетіп, Оған бүкіл есімдерден жоғары Атақты сыйлады: Исаның Атағын естіп, Көктегі, жердегі және жер астындағылардың бәрі де Оның алдында тізе бүгіп, барлық тіл атаулы Иса мәсіхті Жаратқан Ие деп ашық мойындап, Құдай Әкенің даңқын арттыруға тиіс».
Бір-біріміздің алдымызда кішіпейіл болсақ әрі бізде қызметшінің жүрегі болса, онда менмендік пен жеке бастың абырой-атағын ойлауға орын болмайды. Осылай басқаларды өзімізден жоғары қоямыз. Бұл Иса Мәсіхтің жүрегінің қалауы. Иса көктегі ең жоғарғы дәрежелі биік орыннан адамның келбетінде жерге түсті. Денеде болатын азаптарға төзу, Өзі жаратқан адамдардың Оны қабылдамауы, мазақ етіп,келекелеуі және ұрып-соғуы-недеген құрбандық десеңізші. Біз Оған теріс бұрылған болсақ та, Ол біздің қызметшімізге айналып, біз үшін өлді. Өзін ең төменгі дәрежеге дейін кішірейткені үшін Құдай Оны барлығынан да жоғары қойды! Осы біз үшін қандай сабақ десеңізші. Иса бізге шынайы жетекшілік пен ұлылықтың тамаша үлгісі; Әлемнің ұлылық пен билікке деген көптеген көзқарасына қарама-қайшы.
Иса: «Себебі өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады»- деді. Матай 23:12. Бір-біріміздің алдымызда кішіпейіл болып, өзімізден басқаларды жоғары қойып, бір-бірімізге қызмет етейік. Бұл Исаның бізге деген үлгісі, осы үлгі бойынша жүрейік.
Менің Африкаға барған алғашқы елшілер жайында хабар естігенім есімде. Олар Құдайдан нық шақыру алды және Африка елінің адамдарына қамқорлық пен сүйіспеншіліктерінің мол болғаны соншалықты, осы адамдарға Иса Мәсіхтің Ізгі хабарының жеткенін көру үшін олар өздерінің жеке мүдделері мен жоспарларын шетке қойды. Олардың тәндері ауруларға үйрене алмауына байланысты сол кездері Африка елінде елшілердің өмір сүру уақыты орта есеппен екі жыл болатын. Өз жұмыстарын атқарып шығуына екі жылдай ғана уақыт бар екенін білсе де олар ешнәрсеге қарамастан сол жерге барды. Олар Иса туралы естімеген адамдарға Иса жайында естулеріне мүмкіндіктері болу үшін өз өмірлерін құрбан етті. Олар өздерінің атағы мен жеке өздерінің патшалығын құруға мән бермеді. Сол адамдардың көз алдында олар белгісіз адамдар болғанымен, бірақ Құдай алдында олар батыр азаматтар болды! Исаның айтқан сүйіспеншіліктен туындайтын қызметтің түрі міне осындай.
Шынайы жетекшілік рухани «отарға» өктемдік жүргізбейді әрі басқармайды.
Киелі кітап ұдайы бізді рухани отарға өктемдік жүргізбеуге шақырады. Біз қайтадан Матай 20:25-26а- ға көз жүгіртейік, мұнда Иса: «Билеушілері қол астындағы халықтарды билеп-төстеп, төрелері де соларға қатаң әмір жүргізеді, соны білесіңдер. Бірақ сендердің араларыңда ондай болмасын!». 1Петір 5:3- те біз тағы да мынаны оқимыз: «Тәңірдің меншікті қауымдарына өктемдік жүргізбей, қайта рухани «отарға» үлгі-өнеге болыңдар!» Құдай қауымдағы жетекшілерге билікті сенушілердің өмірлерін басқару үшін бермеді. Барлық сенушілерде бір ғана Ие бар, ол Иеміз Иса Мәсіх. Жетекші отардың иесі ретінде орын алған болса, онда ол отардың өміріндегі Исаның орнын алғаны, бұл билікті бұрыс қолдану болып табылады! Біздер отардың Иесі немесе Киелі Рухы емеспіз. Рухани отарды бағындыру- біздің жұмысымыз емес. Рухани отардың біздің жетекшілігімізге құрметпен қарап, құлақ асуына түрткі болу –бұл Киелі Рухтың жұмысы.
АҚШ- тағы үлкен қауымның өте жемісті бағушысының сөздері есімде. Ол былай деді: бүгінгі таңда сенушілер арасындағы үлкен мәселенің болуына себеп болған нәрсе ол басқаруға деген мұқтаждық. «Біз өз өмірімізді, жағдайымызды басқаруды қалаймыз және басқа адамдардың да өмірлерін басқаруды қалаймыз». Біз емес, Иса біздің Иеміз, сол себепті өз өмірімізді, жағдайымызды және басқа адамдардың өмірлерін Оған тапсыруымыз қажет. Біздің жасай алатынымыздан да Құдай әлдеқайда жақсырақ жұмыс жасайды!
Қауымдағы жетекшілердің қауымның жұмыстарын басқаруға және рухани отарға қарауға рухани биліктері бар. Рухани «отар» жетекшілерді сыйлап, оларды тыңдауы қажет, алайда, рухани отарды бағындыру немесе өмірлерін басқару жетекшінің жұмысы емес. Біздер жетекші ретінде қызмет етуге, сүюге, үлгі болуға, үйретуге, жігерлендіруге, насихаттауға, қорғауға, құрметтеуге, басшылық етуге, бағыт-бағдар беруге т.б. қызметтерге шақырылдық, бірақ рухани отарға өктемдік жүргізуге шақырылған жоқпыз. Өзгертетін керемет күш және түрткі болушы- ол Киелі рух. Құдай бізге билік берген сферада рухани отардың біздің жетекшілігімізге мойынсұнуына түрткі болатын әрі рухани отарға өзгеріс әкелетін Құдайға сенім артуымыз қажет.
Иезекиилдің заманында жетекшілер рухани отарды бағындыруға тырысып, оларда осы мәселе болған. Иезекииль 34:4-те былай жазады: «Әлсіздерін бордақылап, ауруларын емдемедіңдер, мертіккендерін таңып, қуылып бытырағандарын қайтармадыңдар, жоғалып кеткендерін іздеген де жоқсыңдар керісінше, оларға аяусыз, қаталдықпен үстемдік еттіңдер».
Қауымда басқарудың немесе өктемдік жасаудың тағы бір болатын түрі- билікке байланысты қате ілімдер. Қауымдағы бұл қате ілімдер рухани қараңғылыққа есік ашады. Қате ілімнің бірі- қауымның жетекшілері рухани отардың өміріндегі кез-келген сферасында иә немесе жоқ деп айта алады және рухани отар осыған мойынсұнуы қажет әйтпесе рухани отар Құдайға қарсы шығады, -деп айтуы. Осы жалған ілім рухани отар Құдайдың оларды жеке өз өмірлері мен сенімдеріне байланысты жетекшісінен өзгеше жетелеп жатқанына сенсе де, (олар әлі де Құдайға сенгеннен гөрі) өз жетекшісіне мойынсұнуы қажет деп түсіндіреді. Бұл қауым билігін дұрыс түсінбеушілік және жетекші сенушінің өмірінде Иесі ретінде Иса Мәсіхтің орнын алуы болып есептеледі. Біз өзімізге емес, Исаға шәкірттер дайындауға шақырылғанбыз. Барлық ілімдерден де Киелі Кітаптың билігі жоғары және рухани отарды Киелі Рухтың жетелеуімен жүруге үйрету қажет. Қауым жетекшілігі рухани отардың өміріндегі кез-келген мұқтаждығына нұсқау беруге жауапты, бірақ Киелі Кітапқа немесе Құдайға қарама-қарсы нұсқау болса, рухани отар ол нұсқауды қабылдамауына болады және де қабылдамауға тиіс. Әрине, қауым жетекшілігінің қауымның ұйымдастыру кезеңіне байланысты бағыт-бағдар беруде иә не жоқ деп айтатын билігі бар, ( қауымның ішінде шешім қабылдау процесінің әр түрлеріне байланысты ерекшеліктер болады), бірақ рухани отардың жеке өміріне немесе сеніміне байланысты бағыт-бағдарда емес. Құдай рухани отарға рухани жетекшілері арқылы жиі сөйлейтін болады. Қауым жетекшілігінің айту керек сөзін тыңдауға тілек білдірмеген және осы сөз Құдайдан екендігін анықтап тексермеген әрбір сенуші ақылды іс-әрекет жасамағаны әрі ол жиі Құдайдың бағыт-бағдарын жоғалтып отыратын болады.
Соңында өмірімде көрген басқаруға байланысты қолданыстардың бірнеше мысалдарына қарап шыққым келеді. Бұған сауда-саттықта жоғары қысымды қолдану, іс-әрекеттерді жасау үшін Құдайға ұнамсыз мотивацияларға: сұраныс, басқару әдістері, балгерлікті немесе сиқыршылықты қолдану, және басқару мақсатында адамдарға айғайлау кіреді.
Менің естуімше, қауымда жаңару әкелуге байланысты жақсы қызмет атқаратын уағыздаушыны тыңдауға бардым. Мен ол жаққа үмітпен бардым. Өте жақсы әрі адамдарға шақыру тастайтан уағыз болды. Алайда Иса Мәсіхті қабылдайтын уақытта сол адам өз шақыруында қатты қысым көрсетті. Мені таңдандырғаны, қысымның қатты болғаны сонша, әлдекімдер алға шығуға қарсылық білдіре алды. Киелі Рух біздің жоғары қысым жасайтын әдісімізді қолданбай-ақ , адамдарды Исаға қарай алып бара алады. Менің жүрегімде Киелі Рух жылап жатты. Неге біз қауымда осындай жағдайлардың болуына жол береміз, тіпті кейде көп жағдайда құптаймыз. Осы тәнге байланысты болатын нәрсе, қайтсе де бұл біз қалаған нәтижені беруге көмектесуі мүмкін, бірақ бұл Құдайдан келген шынайы жемісті әкелмейді. Соңында бұл амалдар/әдістер ақталмайды.
Адамдардың басқа адамдар алдында өздерін көтеру, адамға толықтай ұнамды көріну немесе адамдардың көңілінен шығу және адамдардың қабылдамауын сезінбеуге итермелейтін әдістердің қолданылып жүргенін көп көрдім. Көбіне бұл қаржыны көтеру мақсатында қолданылады. Мен бір жетекшінің кімде-кім белгілі бір мөлшерде немесе одан да көп сый берсе, олардың есімдері тақтайшаға ойылып жазылып және барлық адам көруі үшін кіреберіске қойылады деп айтқанын естідім. Қауымға арналған отырғыш сатып алатынын да естідім. Белгілі мөлшерде немесе одан да көп сый берген адамның есімі осы отырғышқа ойылып жазылады. Иса : «Ал сен қайыр бергенде, оң қолыңның не істегенін сол қолың білмесін. Осылайша жасаған қайырымдылықтарың құпия болмақ. Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.» Матай 6:3,4. Адамдар қаражатты көтеру үшін қолданған тізім ұзын, бұл Исаның уйретулеріне тікелей қарама-қайшы. Сонымен қатар, ақша беруге қоса бұл әдістер адамдардың сол ұйым үшін немесе адам үшін жұмыс атқаруларына қолданылады. Әдетте бұл ашық айтылмайды, әйтсе де бұндағы ой- қандай болмасын ең жақсы нәтиже әкелетін нәрсе - баратын жол болып табылады. Киелі кітаптан алынудың орнына, осы әдістердің көбісі әлемдік жүйеден көшірілген.
Тағы бір жиі көрген нәрсем, ол жетекшілердің адамдарға түрткі болудың жолы ретінде оларға айқайлап жататындығы. Мен бұны көбінесе мінбеде(кафедра) уағыздаудың стилі ретінде көп көремін. Мен Киелі Рухтан келетін өте маңызды май жағуға (помазание) қатысты айтып отырғаным жоқ. Май жағу Киелі Рухтан келеді, керісінше, басқару мақсатында адамдарға айқайлау әдісі тәннен келеді және бұл Құдайға жек көрінішті. Сонымен қатар, қауымның жетекшілері адамдарды отырғызып қойып, оларды күнәларына өкіндіру үшін немесе өздерінің билігіне мойынсұнбағаны үшін айқайлап, дауыс көтеріп жатқандарын да естідім. Көп жағдайда, бақылау әдісін қабылдаушылар өздерін үрейге душар болғанын немесе ойларының шатасқандығын байқайды. Адамның қорқынышы және ойдың шатасуы Құдайдан емес, бірақ жаудан. Иса Мәсіх Өз қауымын, біздерді Исаның алдында әрбір жолымызда жарқырап жүруіміз үшін қауымға ұрланып кірген барлық әлемдік әдістерден тазарта көрсін.
Өз тәжірибемде болған және жиі көрген, басқару ортасы, ол-біреудің қалауы бойынша жағдайларды болдыру үшін сиқыршылықты қолдану, бірақ осыған байланысты түсінігім аз. Әлемнің көптеген бөліктерінде адамдарды не жағдайларды басқару үшін сиқыршылықты қолдану –жалпылама нәрсе. Бұған сиқыршылық жатады. Шежірелер туралы 2-жазба 33:6-да Құдай бір кездері Исраил халқын басқарған қара ниетті патша жайында былай дейді: «Манаса Бен-Һенном сайында тіпті өз ұлдарын жалған тәңірге арнап өртеп құрбан етті. Патша бақсы-балгерлікпен және сиқыршылықпен айналысып, аруақтарды шақырушылар мен сәуегейлерден ақыл сұрайтын. Осылайша Жаратқан Иенің көз алдында жексұрындық жасап, Оның қаһарын туғызды». Менің ойымша, осы әдістерді қолданатын мәсіхшілер өздері жасап жүрген нәрселер сиқыршылықтан келетінін еш білмейді. Мен өздерінің қауымы қаладағы ең үлкен әрі маңызды қауым болуы үшін басқа қауымдардың құлап, кішірейуі үшін дұғаның астында жасырылған/дұға кейпіндегі басқа қауымдарға айтылған қарсы сөздер жариялаған бір қауымды білемін. Сонымен қатар оларда ыза мен қызғаныштан келетін мотивтер де болды. Бұл Құдайдың басқа да жұмыстарына қарсы қарғыстарды жіберу болып табылады әрі бұл сиқырлықтың бір түрі. Жиі болмаса да, менің белгілі бір түрде шешім қабылдағанымды қалаған мәсіхшілер болды және осы мақсатта олар сиқыршылыққа жүгінді. Өздерінің мақсатына жету үшін сиқыршылықты қолдануға байланысты оларда ой болды дегенге сенбеймін, бірақ олар Құдайға шақыру тастап жатырмыз деген ойда болды. Шайтан өтірік арқылы жұмыс істегенді ұнатады, егер біз шын мәнінде оның әдістерін қолданып, бірақ біз Құдайдың әдістерін қолданып жатырмыз деп ойласақ, біздің ойымызды шайтан алдай алса, онда ол сенушілерге қарсы басқа сенушілерден үлкен қараңғылықты алып келе алады. Құдайдың адалдығы мен киелілігінде жүре алуымыз үшін Құдайдан емес нәрселердің бәріне көзімізді аша көр деп Құдайдан сұрауымыз қажет.
Тек әдістердің жұмыс істеуі – бұл Құдайға ұнамды дегенді білдірмейді. Осы әлемнің көптеген әдістері жұмыс істеп, қалаған нәтижені беруі мүмкін, бірақ алдында айтылғандай, соңы қолданылған әдістерді ақтамайды. Амалдар Құдайдан болуы қажет сонда ғана жеміс шынайы әрі таза болады. Киелі Кітап бізге Құдайдың әдістері мен қара күштің әдістерін көрсетеді. Құдай және Оның жолдары жайында шындықты іздеп Киелі Кітаптан алшақ кетсек, онда біз қауіпті жолмен жүріп, көптеген жалған нәрселерге есікті ашық қалдырамыз. Құдайды Киелі Кітаптағы Оның керемет сыйы, яғни сөздері үшін мадақтайық!
Құдай Өз отарының қамын қатты ойлап, ол үшін жылайды да. Жақсы жетекші Құдай үшін үлкен бата, бірақ рухани отарға зиян келтіретіндері Иеміз Иса Мәсіхтің алдында есеп беру керек болады, есебімізді ұятпен емес зор қуанышпен берейік.
Құдайға ұнамды жетекшілік Иса Мәсіхтің қауымындаға билікті еске салады.
Бір ғана Иса жауапты, ал жетекшілер Исаның шешімі бойынша бағыт-бағдар беруі керек. Иса Әкесінің не істеп жатқанын көріп, соны ғана орындағаны сияқты қауым жетекшісі де Исаның не істеп жатқанын көріп, соны ғана орындауы керек. Иса: «Мен Өздігімнен ештеңе істей алмаймын. Әкемнен естігенім бойынша соттаймын. Менің сотым әділ, өйткені Өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындаймын ».Жохан 5:30. Осы жетекшінің де жүрегінде болуы тиіс, өз еркін емес, бірақ оны шақырған Иеміз Иса Мәсіхтің еркін орындауы қажет.
Иса қауымның басы және сенушінің басын шынымен жаба алатын Сол ғана. Қауымның жетекшісі –қауымның басы емес және отардың басын рухани жаба алмайды. Қауымның ұйымдастырылуы да отардың басын жаба алмайды, тек Иса ғана отардың басын жаба алады. Ефест.1:19б-23-те біз мынаны оқи аламыз: «Құдай осы керемет құдіретін Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, көкте Өзінің оң жағындағы орынға көтеріп, отырғызғанда да қолданды. Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және келешек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден де әлдеқайда үстем. Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым-Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады». 1Қорынт.11:3- те біз мынаны оқимыз «Енді мынаны да білулеріңді қалаймын: әрбір еркектің басы-Мәсіх, әйелдің басы-күйеуі, ал Мәсіхтің басы-Құдай». Біздің өмірімізде Құдайдың бізге берген көптеген биліктері бар, және біздер Құдай берген биліктің шеңберінде сол биліктерге мойынсұнып, бағынуымыз қажет. Барлық шындыққа байланысты біздің нұсқаушымыз ретінде Киелі Кітабымыз бар. Біз барлық мемлекеттік билікке мойынсұнуға шақырылғанбыз. Жұмыс орнында біз бастығымызға мойынсұну керекпіз. Мектепте мұғалімдерімізге бағыну керекпіз. Балалар ата-аналарына мойынсұну қажет. Қауымда біз қауым жетекшілерімізге мойынсұнып, бағынуымыз керек.
Жетекшілікке байланысты айтып отырғандықтан, рухани отар биліктін тиісті жеріне дейін мойынсұну қажет, яғни жетекшілікке мойынсұну- Исаға мойынсұнбауды білдіреді дегенге дейін баратын болса, рухани отар қауым жетекшілігіне мойынсұньау кажет. Қауым жетекшілігіне қарағанда Иса Мәсіхтің билігі әлдеқайда жоғары. Егер мен қауым жетекшілеріме мойынсұну мен Исаға мойынсұнудың біреуін таңдау керек болсам, онда мен Исаға мойынсұнуды таңдауым керек. Егер маған Киелі Жазбаның үйретуіне қарсы жүр десе, онда мен солай істей алмаймын. Исаның шәкірттеріне Ізгі хабарды уағыздауды тоқтатыңдар деген кезде, олар Елш.іст.4:18-20-да былай деп жауап берді: «Әлгілерді (шәкірттерді) шақырып алып, оларға: - Исаның атымен ешқандай уағыз айтпаңдар да, тәлім бермеңдер де!-деп тыйым салды. Бірақ Петір мен Жохан оларға: - Құдайды емес, сіздерді тыңдау Оның алдында жөн болар ма екен, оны өздеріңіз шешіңіздер. Ал біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз, -деп жауап берді». Исаның билігі қауымда әрқашан ең жоғарғы болып қала бермек, және Оның айтқандары бәрінен де жоғары болады. Иса қауымның Басы және басқа биліктің барлығы Оның билігінің астында. Рухани жетекшілеріме мойынсұну үшін Исаға қарсы жүрсем, онда тек менің жетекшім ғана Құдай алдында есеп беруге тиісті емес, сонымен қатар мен де Исаны тыңдамағаным үшін есеп беремін. Иса Мәсіх Өз қауымының Басы және осы орнын Ол басқа ешкімге бермейді. Ол Патшалардың Патшасы, Иелердің Иесі және барлығы да Оның билігінің қол астына берілген!
Қорытынды.
Осы әлемнің жолдары өте көп жағдайда Құдайдың жолдарынан мүлдем өзгеше. Осы әлемнің ойынан және жолдарынан өзімізді таза ұстауымзды жалғастыра беруіміз қажет және Иса Мәсіхтің ойын қабылдауымыз қажет. Біз бұны қауым жетекшілігінің орындалу барысында өте анық көре аламыз. Иса Өз жетекшілерінің кішіпейіл болып, рухани отарға қызмет ету керектігін үйретті. Жетекшілер рухани отарға өктемдік жүргізбеуі қажет және басқару, өтірік немесе кез-келген басқа Құдайға ұнамсыз амалдар арқылы оларға өз қалағанын орындату қажет емес. Қауым жетекшісі қауымның үстіндегі Иса Мәсіхтің Иелігіне бағынған болса, онда ол басқалардың да өз өмірлерінде Иса Мәсіхтің Иелігіне бағынуына қол жеткізе алады. Иса қауымның Басы әрі қауым үшін қорған болып табылады және қауым Оның рухани денесі. Оның патшалығы мәңгілікке болсын. Аумин!
Иса Мәсіхтің қызметшісі арқылы жазылды.
Тед Паркс