Мен Құдайды білдім деп ойладым.
Діни жалғаннан азаттық
Жазған: Иса Мәсіхтің қызметшісі Тед Паркс
Діншіл, алайда әлі де рухани адасқан.
Мен бала кезден қауымға баратын едім. Ғимаратқа кірген және шыққанда үлкен есік маңдайшасын жиі көргенім есімде. Әр жексенбі күні, әкем мен анам және біз қауымға баратын едік. Біз діншіл адамдардың сөйлеуін және әртүрлі жағдайлар мен кездесулерде өзіңді қалай алып жүру керектігін үйрендік.
Кейін, жаз мезгілінде мәсіхшілер лагеріне және Киелі кітап зерттеу семинарына барған кездерім есімде. Осы уақыттарда мені Құдай жайлы және Ол біздің күнәларымызды кешіріп мәңгілік өмір беру үшін Өз Ұлы Исаны айқыш ағашта өліп, үш күннен кейін қайта тірілу үшін жіберу арқылы бізді қаншалықты сүйетіндігін көрсетеді. Мен кіншкентай кезімнен осыған шындық ретінде сеніп келдім, өйткені маған осыны үйреткен еді.
Тоғыз жасымнан бері, қауымдағы тәлімнен кейін алдыға шығып тәубе етуге ұмтылысты сезіне бастадым. Әдетте жиналыстан кейін, қауым адамдарды өмірлерін Исаға арнап бағышталуға ән айтып шақыратын. Бір жексенбі күні орындығымның шетінде әрең шыдап отырдым, мен бұдан артық күте алмадым. Сондықтан, тұрып бөлменің төр жағына бардым. Мен бақташыға жақындағанда, ол «Исаға сенесің бе?» деп сұрады. Мен әрқашан Исаға сендім деп ойладым, сондықтан «иә» деп жауап бердім. Кейін мен отырып, қауым мүшелігінің карточкасын толтырдым. Содан кейін, көп ұзамай мені шомылдыру рәсімінен өткізді. Мен енді мәсіхші екендігімді және қайтыс болғанда Исамен бірге болуға баратынымды айтып сендірді.
Осы кезден бастап мен өзімнің мәсіхші екендігіме еш күмәнсіз сендім, алайда шын мәнінде мен мәсіхші болған жоқ едім. Мен Исаның айқыш ағашта өліп, үш күннен кейін қайта тірілгеніне және Иса Құдай Ұлы екендігіне сендім. Алайда, шайтан және оның жындары да осыған сенеді, алайда олар өздерінің тозақта сотталуын күтіп қорқып дірілдейді. Сол кездері мен Исаға сену дегеннің шынайы мағынасын түсінген жоқ едім. Егер мен түсінгенімде, сол кезде құтқарылатын едім. Мен кейінірек Исаға сену деген не екенін бөлісемін.
Осылай діни алдаудан тұратын өмірім басталды. Маған ең қажеті Құдайды шынымен біліп тану еді, бірақ мен осы қажеттілікті іздеуге ашық емес едім. Өйткені мен Оны танимын деп ойладым. Біздің қауымға Ізгі хабар айтушы келіп, қайтыс болса жұмаққа баратындығын кім біледі деп сұрағанда, мен қолымды көтеретін едім. Менің осы сенімім, мен тоғыз жасымда қауым алдына шығып, қауым бақташысына Исаға сенетінімді айтқандығыма негізделетін.
Адамның көзқарасымен қарағанда, мен өте жақсы бала едім. Мен табысымның 20% қауымға беретін едім. Ата-анамның айтуы бойынша, мен ата-анама мойынсұнатын бала болдым. Ата-анам тыйым салғандықтан, мен темекі шеккім келмеді. Мен тағы, қауіпті түтінді жұтып, өкіпелерімді құртқым келген жоқ. Ата-аналар біздің қауымдағы жастар арасынан Құдайға ең ұнамды кім екені жайлы сөйлескенде, әдетте бір жігіт және мен жайлы айтатын. Мен адамдарды шеберлікпен алдап жүріппін, өйткені Мәсіхші де болған жоқпын.
Есімде, бір рет мені ағам бір сауық кешіне шақырды. Мен бардым және біз апельсин шырынына қосылған арақты ішуді бастадық. Ішімдік ішкен бірінші кезім болатын. Кейін біз сыра іштік. Үйге қайту кезі келгенде, маған қарағанда көбірек ішкен ағам көлік жүргізе алмады. Ол менің көлік жүргізуімді сұрады. Мен келістім. Үйге қайтып бара жатқанда, «Тоқта» белгісіне жақындап тоқтағым келді, бірақ тоқтай алмадым. Мен басты жолдың арғы жағына өтіп, жолдан шығып кеткенім есімде. Сол кезде қарсы келет жатқан көліктің болмағанына қуанам, әйтпесе мен қазір өз куәлігімді жазып отырмайтын едім. Кейін мен көлікті абайлап жүргіздім, өйткені рефлекстерім өте баяу екенін түсіндім. Өткен кеш жайлы ойланып, адамдар сыртынан қарағанда барлық нәрсеге ие болғандай болып көрінсе де, іштері қаншалықты бос сезінгендері есімде. Тағы ішіп алып, көлік жүргізудің қауіптілігін ескергенде, мен бұдан былай қайтадан мас болмауды шештім. Ойын-сауық болатын кештерге барып мас болу мен үшін осымен аяқталды.
Мен жас кезімде қауымда отырып, мен жиналыста уағыздап, адамдардың қауым алдына шығып өз өмірлерін Исаға арнағандарын және қайта бағышталғандарын армандап елестеткенім есімде. Кейін елестен өзіме келіп, оның мағынасы не екен деп таңданғаным есімде. Менің уағыздауға және елестеткен нәрселерді орындауға қалауым болған жоқ. Тағы бір рет, мен үйде теледидар көріп отырғанымда, Ізгі хабар айтушы уағыздай бастады. Сол кезде мен де осындай қызметті атқаруға шақырылғандығым жайлы ішімнен сезіндім. Мен жылдам барып анама, өзімнің уағыздаушы қызметіне шақырылғандығым жайлы айттым. Ол маған, егер мен уағыздаушы болсам, онда мен кедей және танымал емес болатындығым жайлы айтты. Мен кедей немесе танымал емес болғым келмеді, сондықтан бұл жайлы тез ұмыттым.
Қаншалықты діншіл болсам да және қанша рет Құдай менің назарымды Өзіне қаратқысы келсе де, мен бәрі бір өз өмірімнің қожайыны едім. Мен өзім қалағандай өмірім сүрдім, бірақ жақсы нәтижелерге жетпедім. Бүкіл әлемнің ортасына мен өзімді қойдым. Мен өмірім ортада, ал басқа адамдар мен үшін жаратылғандай көрдім. Мен өзімді жақсы көрдім, басқа адамдарға сүйіспеншілігім болмады. Бір рет әкем жанұямызда, қауымдағы бір жас жігітке қаржылай көмектесейік деген ұсыныс айтты. Мен жоқ деп айттым, өзімізге жұмсай алатын ақшаны неліктен басқа біреуге беруіміз керек деп ойладым. Сол жас жігіт басқаларды мазаламай, өзі ақша табуы керек деп ойладым. Мен өте менменшіл, Құдайдың сүйіспеншілігі жоқ адам едім. Өз өмірімнің мағынасын білмей, ішім бос болды. Мен мектептің тезірек аяқталған күттім, сонда менің өмірім басталар деп ойладым. Әрине, мен сол кезде басымнан өткенге қарағанда өмірде өте көп нәрселер бар деп ойлайтын едім. Уақытымның көбісін қиял әлемінде армандаумен өткіздім.
Мен өмірімнің мағынасын табуға спорт көмектесетін шығар дедім. Маған спорт ұнайтын және басқалар мен спортсмен деп танығанын қаладым. Мен ойнаған спорттық ойындардың барлығын жақсы көрдім және оларды жиі ойнайтын едім. Жоғарғы сыныпта оқығанда, мен спорттық топтарда болып, әртүрлі жарыстарға қатысу үшін басқа мектептерге барып көргенмін. Бір күні мен кәсіпқой спортсмен боламын деп қиялдайтын едім. Бірақ, «қиял әлемінен» оянғанда, мен мал дәрігері боламын деп шешім қабылдайтынмын. Мен кішкентай бала кезімнен мал дәрігері болғым келді.
Мен адамдармен жақсы сөйлесе алмайтын едім. Мен қалжыңдап адамдарды мазақтайтын едім. Олар мені мазақтайтын, мен де оларды мазақтайтын едім. Достарым бір-бірін жиі мазақтағанын көретін едім, сондықтан достықты көрсетудің жақсы жолы деп түсіндім. Менің бірнеше достарым болғанымен, уақытымның көбісін «тауда» жүргендей жалғыз өткізетін едім. Мен көп сөйлеспейтін, өте тұйық бала едім.
Мен әр жексенбі сайын қауымға барғаныммен, қауымға барғанды қаламайтын едім. Жанұямызбен жексенбі күні туысқандарымызға барамыз деп шешкенде қатты қуанатын едім, өйткені қауымға бармауға болатын еді. Басқа кездері, біз жексенбі күні балық ұстауға немесе аң аулауға баратын едік, сол жексенбі күні уағыз тыңдап отырмайтындығыма қуанатын едім.
Мен жоғары сыныптарда оқып жүргенімде, қауым жастары «Өмірді тойла» деген көрініс көрсетті. Осы көріністі басқа қауымдарда көрсету үшін саяхттайтын едік. Көріністің соңында, адамдарды өз өмірлерін Исаға беруге шақыратын едік. Адамдар өмірлерін Исаға бағыштау үшін алдыға шыққанда қуанатын едім. Осы көріністе мен үш түрлі кейіпкерлердің рөлін ойнадым. Мен көбінесе елші Жоханның рөлін ойнайтын едім, бірақ бір рет басында шайтан рөлін кейін аяғында Исаның рөлін ойнадым. Менің сол кездегі өмірімді көрсететін жақсы сурет екені ойымнан шықпайды. Жексенбі күндері мен қауымға барып, сенуші сияқты болып көрінетін едім. Аптаның қалған күндері мен шайтан сияқты діншіл сияқты болдым. Бірақ мен ешқашан Иса сияқты болған жоқпын, осы мысалдың осы жері сәйкес келмейді. Мен екі түрлі өмір сүріп жүрдім.
Құдайдың керемет рақымы:
Бір күні ұйықтар алдында, Құдай менің жүрегіме әсер етіп, «Сен мені танымайсың» дегендей болды. Ол маған, жатар алдында сиынғанда немесе жексенбі күні қауымға барғанда ғана Оны еске алатынымды, Ол менің өмірімде шынайы орын алмағанын көрсетті. Мен бөлмеде жалғыз өзім едім. Басқа адамдар мен Құдайды танымайтындығым жайлы айтқан жоқ, өйткені қауымдағы адамдардың барлығы мен Оны жақыннан таниды деп ойлады. Сол кезден бастап мен Құдайды іздей бастадым.
Құдай күнделікті Киелі кітапты оқуды менің жүрегіме салды. Бұған дейін мен Киелі кітапты жеке өзім оқыған жоқ едім. Мен Матай жазған Ізгі хабарды оқып бастадым, оқып бітпей ақ мен Исаны өз Құдай Ием және Құтқарушым екенін танып қабылдадым.
Он сегіз жасымда университетте оқуға кеттім. Сабақтарға уақтында жетуім үшін, университеттің дәл қасындағы пәтерде тұрдым. Мен әлі Матайды оқып жатқан едім. Мүмкін оны өте баяу оқығын шығармын. Бір күні төсегімде Матай жазған Ізгі хабарды оқып отырған кезімде, Иса маған Киелі Жазбалардың сөздері арқылы сөйлеп, менің жүрегімді толықтай Оған арнағанымды қалайтынын айтты. Иса менің өмірімді толықтай билік етпейтінін осы кезде бірінші рет түсіндім. Мен бұрыннан Исаның айқышты өліп, үш күннен кейін қайта тірілгеніне және Иса Құдай Ұлы екендігіне сенетін едім. Алайда мен ешқашан Исаға менің Жаратқан Ием ретінде сенбедім. Құдайдың керемет рақымымен мен Оған сендім. Бұл өмірімдегі ең жақсы шешімім еді. Мен: «Иса, менің өмірім Сенің алдыңда, не қаласаң соны істе, ол толығымен Сенікі» дедім. Осы уақытта мен Исаға сендім, Оның мен үшін істегеніне ғана емес, бірақ Оның кім екендігіне, яғни Жаратушы Ием екеніне сендім. Мен өзім үшін өлдім, бірақ Иса үшін өмір сүруге қайта тірілдім. Мен осыған шын жүректен сендім. Құдай маған Киелі кітаптағы қай аяттар арқылы әсер етіп сөйлегені есімде жоқ, бірақ ол Матай 16:24-26 немесе осыған ұқсас басқа аят болуы керек. Матай 16:24-26 аяттарда былай деп жазылған: «Бұдан кейін Иса шәкірттеріне мынаны айтты:
— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін! Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған әркім оған (мәңгі) иелік етеді. Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда? Яки адам өз өмірі үшін қандай құн төлей алады?» Соңынан еретіндерге Өзіне толықтай берілу керектіктерін уағыздады. Ол одан басқаны күтпеді.
Сол кезде менімен не болғанын теология тұрғысынан білмедім, бірақ менің өмірім сол кезден бастап түбегейлі өзгерді. Мен сарқылмас қуанышқа толы болдым. Енді менде өмірімнің мағынасы және мақсаты бар еді. Мен енді Иса Мәсіх үшін өмір сүру керек едім. Жүрегімдегі бостық сезімі кетті, езгілеген ауырлық сезімі алынып тасталды. Енді менің барлық күнәларым кешірілді және Құдай жанұясына мүше болдым. Мен қараңғы түнектен тамаша нұрға өткендей сезіндім.
Шынайы сеніммен Исаға келгеннен кейін:
Қорынттықтарға арналған екінші хат 5:17 аятта былай деп жазылған: «Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!» Осы аят менің өмірімде шынымен орындалды. Барлығы өзгерді. Менің ішкі дүнием толықтай жаңа адам болып өзгерді. Керемет рақымы үшін Құдайға алғыс.
Киелі Рух менің жүрегімді өзгертіп және мені тура жолмен жетелей бастады. Мен «Исаға барлығын арна» деп, тоқтамай ән айта бергім келді. Менің өмірімде болғаны жайлы ән айтқым келді. Менде Киелі кітапты басынан аяғына дейін білуге және оның барлық ілімін үйренуге үлкен құлшыныс болды. Мен қысқы демалыста үйге барғанда, уақытымның көбісін Киелі кітап оқумен өткіздім. Мен Киелі кітапты соншалықты көп оқығандығымнан, ата-анам менімен не болып жатқаны жайлы менің ағамнан сұраған. Құдай ағамның жүрегіне әсер еткенге дейін, менің фанатик болып кетті деп ойлайтынын айтты. Ол оларға менің жағдайым жақсы деп айтқан.
Мен сол кездері рухани емес әндерді тыңдайтын едім. Мен әнді қосқанда, сөздерін естіп, олардың рухани өсуге жаман әсер етенін және мағынасы жоқ екенін көрдім. Менің енді Иса жайлы әндерді тыңдағым келді. Мен радио арқылы Иса жайлы әндер бар станцияларды іздеп таптым. Құдайды мадақтайтын әндерді тыңдағанда менің ішімдегі Құдайдың Рухы қуана бастады. Маған ешкім осы дүниенің әндерін тыңдама деп айтқан жоқ. Мен оған дейін қауымнан тыс мәсіхшілердің әндерін тыңдаған жоқпын немесе қауымға баратындардың да осы дүниенің әндерінен басқа әндерді тыңдағандарын көрген жоқпын. Құдай менің жүрегімді Өзіне деген сондай сүйіспеншілікке толтырғаны соншалық, мен Құдайды мадақтап және Иса мен үшін не істегені жайлы ән айта бергім келді.
Мен бұған дейін теледидарды көп көретін едім, бірақ бұл да өзгере бастады. Менің бұрын көретін бағдарламалардың көбісі рухани өсуге көмектеспейтін немесе Құдайға ұнамды емес еді, Киелі Рух ілтипаттылықпен осыны білдіртті. Аз аздан мен жаман бағдарламаларды көруді тоқтатып, тек Құдайға ұнайтын бағдарламаларды ғана көре бастадым. Тағы мен пайдасы жоқ нәрселерді көріп, уақтымды құртқым келген жоқ. Есімде, қауымдағы жастар жетекшісі теледидарды көру уақтын шектейтін адамдарға күлгені есімде, қалға жастар оған қосылып күлді. Ешкім маған теледидарды азырақ көр деп айтқан жоқ. Бұл Құдайдың менің жүрегімде жұмыс істегені.
Бұрынға қарағанда, мен қауымға баруды асыға күтетін болдым. Қауымға бара жатқанымда рухани ән айтып қуаныштан секіргенім есімде. Мен тек жексенбі күні ғана барған жоқпын, бірақ мүмкіншілік болған кезде басқа күндері де баратын едім. Біздің қауым, университетте және басқа жерлерде Ізгі хабар айтқанда мен соған қатысатын едім. Мен енді Исаға деген жаңа сенімім жайлы қуана айтатын болдым. Осыған дейін өз сенімім жайлы басқа адамдарға ешқашан айтпаған едім. Мүмкін қауымның жастары көрініс көрсеткенде ғана, соған қатысып бір рет айтқан шығармын. Менің жүрегім өзгере бастады және адамдарға менің Құтқарушым жайлы айтқым келді. Адамдар алдында сөз сөйлеуге үйрететін сабақта, мен Иса жайлы айтатын болдым.
Мен жүйелі түрде сиына бастадым және кейбір кезде ораза ұстадым. Киелі кітапта жазылғанның барлығына мойынсұнып орындағым келді. Бүкіл өмірімді Иса Мәсіх үшін өмір сүруге үлкен қалау болды. Мен басқа адамдарды сүюді және басқалардың мүддесін өзімнен артық қоюға үйрендім. Мен енді өзімнді әлемнің ортасы деп есептемедім, қайта мен басқаларға қызмет етіп бата болу үшін жүргенімді түсіндім.
Кейін Құдай менің сөйлеу мәнеріммен жұмыс істеді және менің мазақтап сөйлеу әдетімнен құтқарды. Бір рет жексенбі күні, қауымдағы студент жастармен тамақ ішуге бардық, сол кезде мен өз аузыма ие бола алмай қалғаным есімде. Сол жерде болған бір қыз, оны бұрын көрмеген едім, біреумен кездесуге баратындығы жайлы айтып жатқан еді. Менің аузымнан: «Егер маған бір миллион доллар берсе де, сенімен кездесуге бармайтын едім» деген шығып кетті. Арамыздағы рухани жағынан жетілген бір қыз мені қатты әшкереледі. Сол кезде менің көңілім қатты түсті және сол кезден бастап адамдарды мазақтамайтын болдым.
Құдай мені кешіргендей, мен де басқаларды солай кешіруім керектігін, Құдай маған үйретті. Осы менің сезімдеріме үлкен сауығулар алып келді. Өзгелерді кешіру маған азаттық және рухани «денсаулық» беретінін үйрендім. Кешірмеу қараңғылық пен рухани құлдыққа жетелейді.
Исаны шынымен қабылдағандықтан, мен енді Иса Мәсіхтің Ізгі хабарын жариялау міндетімді қабылдай алдым. Құдай мені бірнеше рет шақырған болатын, бірақ мен сенбеуші болғандықтан Оның шақыруын қабылдай алмадым. Енді менің өмірім Құдайдікі болғандықтан, Құдай мені Өз қызметін жасауға шақырған барлық кездерін есіме түсірді және мен Оның шақыруын қабылдай алдым.
Кезінде мен сияқты, Иса танитындарына сенетін, алайды Оны шын мәнінде танымайтын адамдардың көп екендігіне жүрегім ауырады. Құдай Өз рақымымен менің көздерімді ашып, Құдайды шынымен танығанға дейін, мен тоғыз жыл бойы алданып жүрдім. Әрқашанда, нақты білген жақсы немесе көзі жетіп, толық сенімді болғаны жақсы!
Адамның көзі жетіп, сенімді болуы үшін не істеуі қажет?
1. Құдайдың зор сүйіспеншілігін қабылдау.
Құдайдың сүйіспеншілігі зор және ол біздің қиялдағанымыздан және ойлағанымыздан да артық. Ол осы сүйіспеншілігін Өз Ұлы Иса Мәсіхті айқыш ағашта өліп қайта тірілуі арқылы көрсетті. Сол арқылы біздің күнәларымыз кешіріліп және Онымен мәңгі жұмақта өмір сүреміз. Киелі кітапта, Жохан 3:16: «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады» деп жазылған. Құдай бізді сүйеді және Иса Мәсіхке сенгеннің барлығына мәңгілік өмір береді. Ол біздің Оның әділ соттынан сотталып өлгенімізді қаламайды. Дегенмен, біздің күнәміз және қарсы шығуымыз, бізді Құдайдан алыстатты және біздің Құдайдың әділ сотының астына қойды.
2. Өз күнәларымыз бен қарсы шығуымызды мойындау.
Киелі кітап, біздің барлығымыз күнә жасап, Құдайдың әділдігіне сай келмейтіндігімізді жайлы айтады. Киелі кітап: «Сонымен қалай болды? Басқалардың алдында (яһуди халқынан шыққан) біздердің артықшылығымыз бар ма?» Жоқ, ешқандай! Яһудилер де, басқа ұлттың адамдары да бірі қалмай күнәнің билігінде екенін жоғарыда дәлелдедік. Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ, ақылды ешкім де жоқ, Құдайға бет бұратын да жоқ. Бәрі тайып кетті теріс жолға, әбден бұзылып кетті бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да» (Римд. хат 3:9-12). Дәуіт патшаға ұқсап өз күнәларымызды мойындауымыз керек: «Қылмыстарымды жақсы білемін де, Күнәларым әрдайым тұр есімде. Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым, Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім. Осылай әділ Сенің айтқандарың, Мүлтіксіз де маған жүргізген сотың (Забур жырлары 50:5-6). Өзіміздің күнәларымыз бен Құдайға қарсы шыққандығымызды көргенде ғана, біз Құтқарушыға мұқтаж екендігімізді көреміз.
Біз жасай алатын күнәлардың ең үлкені Құдайды, өз Құдайымыз ретінде қабылдамау және Оған біздің Жаратушы Иеміз ретінде өз өмірімізге билік бермеу. Егер біз Құдайға біздің өмірімізге билік бермесек, онда біз қарсы шығуымыз Құдайдың билігінен бас тартқан шайтанның қарсы шығуымен бірдей.
3. Біздің күнәларымыз бен қарсы шығуымыздың нәтижелері:
Киелі кітапта: «Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір» деп жазылған (Римд. хат 6:23). Бұл рухани өлім жайлы айтылып отыр, Құдайдан мәңгілікке алыстатылып, Оның қаһары мен сотының астында болуды білдіреді. Құдай киелі және әділ, сондықтан күнәны жазалайды. Егер Құдай күнәні жазаламағанда, Ол әділ болмайтын еді. Киелі кітапта Құдай ақырғы сот жайлы бөліседі: «Бұдан кейін мен бір үлкен ақ түсті тақты және оның үстінде Отырғанды көрдім. Оның қасынан жер мен көк қашып, оларға орын табылмады. Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді. Теңізде қаза тапқандар да, жалпы, ажалға ұшырап, о дүниеге аттанғандардың бәрі де қайта тірілді. Олар өздерінің іс-әрекеттері бойынша сотталды. Бұдан кейін ажал мен о дүние тозақ отына лақтырылды. Тозақ оты «екінші өлім» деп те аталады. Кімнің есімі «Мәңгілік өмір кітабында» жазылмаған болса, сол да тозақ отына лақтырылды» (Аян 20:11-15).
Осы сот, есімдері мәңгілік өмір кітабына жазылмағандар үшін. Есімі осы мәңгілік өмір кітабында жазылғандар, осы соңғы сотта сотталмайды. Сіз: «Менің есімім осы мәңгілік өмір кітабында қалай жазыла алады?» деп сұрауыңыз мүмкін. Мен осы жайлы бөлісемін.
4. Құдайдың қамтамасыз етуі:
Құдай біздің орнымызға өліп, күнәміз үшін жазаны алып және бізге Өз адалдығын беру үшін Өз Ұлы Иса Мәсіхті жіберді, сол арқылы біз Құдаймен татуластырды. Киелі кітапта былай жазылған: «Осылайша Мәсіхтің өкілдеріміз, біз арқылы Құдайдың Өзі адамдарға ескертеді. Мәсіхтің атынан: «Құдаймен татуласыңдар!» — деп өтінеміз. Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық» (Қорынтт. 2-хат 5:20-21). Тек Исаның әділдігі ғана, Құдайдың қасиеттілікке байланысты талабына сай.
Біздің күнәларымыз бен қарсы шығуымыз үшін құн төленуі керек. Мен күнәмнің құнын Құдайдан мәңгілік ажыратылып мәңгілікке сотталу арқылы төлеймін немесе Құдайдың менің орныма берген құрбандығын қабылдап, Исаға менің күнәларым үшін құн төлеуге жол беремін. Киелі кітапта былай деп жазылған: «Алайда Құдайдың Қызметшісі (Иса) біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің (Исаның) мойнына артты. 12) Оған сол себептен көптеген адамдарды табыс етемін. Ол билік иелерін де олжалайды. Себебі Қызметшім (Иса) жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып, қылмыскерлердің кешірілуі үшін ара түсті» (Ишая 53:5, 6, 12). Исаға өз Жаратушы Иең және Құтқарушың ретінде сеніп, Оған сенің жазаңды алып тастауына жол бересіз бе?
5. Құтқарылуым үшін не істеуім керек?
Киелі кітап былай дейді: «Яһудилер мен гректерге: «Күнәларыңа өкініп, Құдайға бет бұрып, Иеміз Иса Мәсіхке сеніңдер!» деп ескерттім» (Елшіл. істері 20:21). Біз тәубе етіп, Жаратушы Иеміз Иса Мәсіхке сенуіміз керек. Тәубе ету не және сену деген не? Төменде соны түсіндіремін.
Тәубе ¬ету – біздің өмірімізде Иса Мәсіхтің Иелігіне (билігіне) қарсының барлығынан бас тартуға деген шешім. Бұған: күнә, Құдайға қарсы шығу, өз өміріміздің иеісі болу, басқа құдайлардың соңынан еру, Құдай Иені шын жүректен сүймеу немесе өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүймеу, өзгелерді кешірмеу және т.б..
Исаға сену – Исаның біз үшін істеген ісіне және Оның кім екендігіне сену. Ол біздің күнәларымыз үшін айқыш ағашта өлді және өлімнен қайта тірілді. Ол Мәсіх, мәңгі тірі Құдайдың Ұлы және біздің Тәңіріміз.
Исаға өз Тәңіріміз ретінде сену үшін, біз Исаға біздің өміріміздің Тәңірі ретінде сенбегеніміз үшін өкініп, Исаға біздің Тәңіріміз ретінде өміріміздің бүкіл билігін беруіміз керек.
6. Шын жүректен сенуге шешім қабылдау:
Киелі кітапта былай деп жазылған: «Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың. Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсінен ақталады, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады». Исаға шын жүректен өз Жаратқан Иеміз деп сенудің нәтижесінде болмаса, онда өз аузымызбен Исаны Жаратқан Ие деп мойындау еш мағынасы жоқ!
Сіз: «Мен құтқарылу үшін жеткілікті жақсы адам емеспін» деп айтуыңыз мүмкін. Сіз құтқарылу үшін ешқашан да жеткілікті жақсы бола алмайсыз. Ізгі істеріңіз, Заңдарды орындау, рәсімдерді орындау, бір ұйымның мүшесі болу, және т.с.с. жайттар сізді құтқара алмайды. Құтқарылу Құдайдың рақымымен, сенім арқылы болады. Өз істерімізбен лайық бола алмаймыз! Киелі кітапта жазылғандай: «Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын. Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да». Игі істер істеу және Исаға мойынсұну құтқарылудың нәтижесі, бірақ құтқарылу жолы емес.
a. Құдайдың сізге деген сүйіспеншілігін қабылдай аласыз ба?
b. Сіз Құдайға қарсы күнә жасағаныңызды және қарсы шыққаныңызды мойындайсыз ба?
c. Өз күнәларыңыздан және Құдайға қарсы шығуыңыздан бас тартып, Исаға сіздің өміріңізде Өз қалағанын орындау үшін өміріңіздің билігін Оған беруге дайынсыз ба?
d. Иса сіздің күнәларыңыздың құнын өтеу үшін айқыш ағашта өліп үш күннен кейін өлімнен қайта тірілгеніне сенесіз бе?
e. Исаға Мәсіх, Құдай Ұлы және сіздің Жаратқан Иеңіз ретінде сенесіз бе?
f. Тәубе етіп, Иса Мәсіхті дәл қазір өз өміріңізге қабылдауға дайынсыз ба?
Онда Құдайға сиынып, Иса Мәсіхті өз Жаратқан Иең және Құтқарушың ретінде мойында!